Мектеп жанынан құрылған Бракераждық комиссиясы Қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып, тамақтану сапасына және балалар тамақтанатын асханада тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы, тоңазытқыштың тазалығы, шикі өнімдерді сақтайтын қойма тексерілді.
Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары қаралды. Мектеп асханасында "Марат" ЖК қызмет көрсетеді. Мектеп асханасының жұмысы тұрақты түрде әкімшілік бақылауда, нан таза арнайы контейнерлерде, асханалық үстелдерде қойылған.
Ас мәзірі белгіленген мөлшерге сәйкес келеді, мектеп директорымен бекітілген. Ас мәзірі физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес келеді және келушілер үшін қол жетімді жерде орналасқан. Ыдыс-аяқтары таза, құрғақ, жарықтары жоқ. Ұсыныс-пікір кітабы қолжетімді жерде орналасқан, жүргізіліп отырады. Үстелдер әр сыныптан кейін сүртіледі, таза.
Қызметкерлердің дәрігерлік бақылау кітапшалары тамақтану сапасын, қойма тамағының сақталуын, ыдыс-аяқтың тазалығын куәландыратын құжаттары бар, үнемі тексеріледі. Қазіргі уақытта тегін тамақпен 1-4 сынып аралығында 529 оқушы, аз қамтылған отбасылардан шыққан 35 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Санитарлық ережелер қатаң сақталады. Әлеуметтік педагог Г.Руслан тамақтану мөлшерін, сапасын және жағдайын күнделікті қадағалап отырады.

Бракераж комиссиясының актісі

Апталық мәзірлер